Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай төрағасымен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай төрағасымен кездесті

Мемлекеттер арасында алдағы 30 жылдық алтын дәуірге жол ашқан кездесу. Қытай төрағасы Си Цзиньпин Бейжіңде өткен Қазақстан Президентімен кездесуге осындай баға берді. Тараптар жан-жақты стратегиялық ынтымақтастығын жаңа деңгейге шығаратын бірқатар келіссөз жүргізді. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді елімізге мемлекеттік сапармен келуге шақырды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған Олимпиадалық дипломатия туралы мақаласында жазды. Қазақстан Президентінің жұмыс сапары ҚХР төрағасының Олимпиаданың ашылу салтанатына келген делегациялар басшыларына арналған ресми қабылдауымен аяқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры, сондай-ақ Польша, Сингапур, Қатар, Пәкістан және Орталық Азия елдерінің басшыларымен әңгімелесті. «Олар Мемлекет басшысының қасіретті қаңтар кезінде жағдайды тұрақтандыру үшін қабылдаған шешімдеріне қолдау білдірді», – деп атап өтті мақала авторы.