263 млн адам кедейшілік зардабын тартуы мүмкін

263 млн адам кедейшілік зардабын тартуы мүмкін

Биыл 263 миллион адамға кедейшілік қаупі төніп тұр. Оның себебі – пандемия, жаһандық теңсіздіктің өсуі мен азық-түлік бағасының шектен тыс шарықтауы. Оның үстіне Украинадағы әскери қақтығыстар кесірін тигізген. Халықаралық Оксфам бірлестігінің баяндамасыда осылай делінген. Тағы 860 миллион адам күніне екі доллардан кем табысқа өмір сүруі мүмкін. Бұл шамамен 800 теңге. Гуманитарлық апат аймақтарына Шығыс Африканың Сахель аймағы, Йемен және Сирия елдері кіреді.