Орталық сайлау комиссиясы БАҚ өкілдерін арнайы курстан өткізеді

3 күн ішінде өңірлік және республикалық БАҚ өкілдері маңызды науқан жайлы заңнаманы бұзбай, дұрыс ақпарат тарату жайын үйренбек. Бүгін оларға сайлау жүйесінің негіздері, дауыс беру кезеңдері, тілшілердің құқықтары мен жауапкершілігі және тағы басқалар түсіндірілді. Семинарға еліміздің барлық өңірлерінен 65-тен астам журналист қатысуда.

Сәбила Мұстафина, ҚР ОСК мүшесі:

- Бізде барлығы 6 оқу алаңы бар. БАҚ бас редакторларына, ҮЕҰ өкілдеріне, әсіресе сайлауды бақылаушыларға онлайн семинарлар өткіземіз. Өзге де платформалармалар бар. Мұндағы мақсатымыз – 70 мыңнан астам учаскелік және аумақтық сайлау комиссияларының мүшелерін негізгі кәсіби қызметінен қол үздірмей оқыту.