Қазақстан мен Оңтүстік Корея студенттері онлайн кездесу өткізді

Қазақстан мен Оңтүстік Корея студенттері онлайн кездесу өткізді

Қазақстан және Оңтүстік Корея жастары онлайн кездесті. Еліміздің студенттері Кореяның шет тілдер университетінде оқитын құрдастарымен тікелей байланысқа шықты. Телекөпір қос ел арасында дипломатиялық қатынастар орнауының 30 жылдығы құрметіне орайластырылған.

Айта кетерлігі, жастар қазақ және корей тілін оқып жүргендіктен аудармашы көмегінсіз тілдесе алды. Қос тарап жастары арасында мұндай онлайн кездесулер айына екі рет өткізіледі деп жоспарланған.

Гүлназ Жоланова, актриса:

- Бұл кездесу қөңілімнен шықты. Таңғалдым деп айта аламын, себебі кореялық қыз-жігіттер 3-4 жыл ішінде қазақ тілін жетік меңгерген. Тіпті әдеби тілмен сөйлейді. Жастарға тек қана сәттілік тіледім. Ал осы кездесуді ұйымдастырған Қазақстан Елшілігіне өзімнің алғысымды білдіргім келеді.