Франция соңғы санитарлық шектеулерді алып тастауды жоспарлады

Франция соңғы санитарлық шектеулерді алып тастауды жоспарлады

Ақпан бүкіл әлем бойынша ковид шектеулерін алып тастаудағы бетбұрысты кезең болды. Коронавирус жұқтырудың рекордтық көрсеткішіне қарамастан Ұлыбритания, Дания, Австрия, Нидерланд, Италия, Грекия және Франция шектеулерден бас тартуда. Мәселен, бесінші республикада эпидемиологиялық жағдайдың оңалуына байланысты вакциналау паспорты наурыз айының ортасында жойылуы мүмкін. Сонымен қатар 28 ақпаннан бастап Францияда жабық орындарда бетперде кию ережесі өз күшін жоймақ, ал көшелерде олар әлдеқашан талап етілмейді.

Габриэль Атталь, Франция үкіметінің ресми өкілі:

- Пастер институты жасаған модельдеу арқылы жағдайды бақыладық. Бұл көрсеткіштерге наурыз айының ортасында қол жеткізуге болады. Егер барлығы біз ойлағандай болса, наурыз айының ортасына қарай вакцина паспортынан да бас тартып, бетперде киюді тоқтатамыз.