Қазақстанда стартап жобаларды қалай қолдайды

Қазақстанда стартап жобаларды қалай қолдайды

Ата-аналар үшін тиімді шешім. Жас қазақстандық кәсіпкерлер балаларды тасымалдауға арналған «Есіктен есікке дейін» атты онлайн қызметті жолға қойды. Ерекше тұғырнама – Назарбаев Университеті студенттерінің өнертабысы. Бұл жаңа бастама бағдарламалық қамсызданудың 35 түрі мен бағыттаудың ақылды жүйесін қамтиды. Нәтижесінде кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің жолы жылдам әрі қауіпсіз болады.

Олжас Жақыпов, балаларды тасымалдау бойынша стартап-жобасының коммуникациялар бойынша жетекшісі:

- Біздің жоба карпулинг жүйесінің негізінде құрылды. Яғни оның басты мақсаты – балаларды топпен тасымалдау. Сондықтан сервистік қызметтің құны өте арзан. Ең бастысы өте тиімді. Мәселен, әйел жүргізушілер қайда және қалай барамын деп еш қам жемейді. Ол үшін логистикалық бағытты арнайы бағдарлама құрып береді. Бұл жаңа маркет – заманауи гипотездермен жаңартылған алгоритмдер. Ол бірнеше бағдарламаны қамтиды.

Аталмыш жоба Astana Business Campus-тағы NURIS бизнес-акселерацияларды қолдауға арналған 8 апталық бағдарламаға қатысты.

Еске салайық, бұл – Назарбаев Университетінің технопаркі. Мұнда дарынды қазақстандықтардың ұтқыр ойын нақты іске асыруға демеу жасалады. Бәсекеге қабілетті болатын бастамалардың шетелдік нарыққа шығуына көмек көрсетіледі. Мәселен бұл жобаның авторлары БАӘ, Ресей мен Ұлыбританияда өз ойларын жүзеге асыруға ниетті. Одан бөлек тағы бір жобаның жоспары да аса ауқымды, иесі үнді нарқын бағындыру үшін белді бекем буып отыр. Студенттерге арнайы құрылған рекрутингтік тұғырнамада бизнес-акселерациясынан сүрінбей өтіп, сұранысқа ие болған жобалардың бірі.

Ләззат Жаңбырова, студенттер рекрутингіне арналған веб-порталды дамыту бөлімінің басшысы:

- Бұдан былай шетелде оқығысы келетін кез келген студент арнайы веб-сайттарда қолжетімді білім алу, жатақхананы алдын ала таңдап брондау сынды түрлі сервистік қызметтерді біздің порталға жүгіну арқылы еш қиындықсыз жүзеге асыра алатын болады. Мұндай жоба әлемде екеу ғана, бізде және Америкада бар.

NURIS-тің базасында осымен 5 жыл қатарынан жылына екі мәрте жеке ісін енді бастаған жас кәсіпкерлер бизнестің қыр-сырына қысқа уақыттың ішінде машықтанып, бастамасын дамытуға мүмкіндік алады. Бұл инновациялық жобалар мен технологиялық шешімдерді бірігіп іздеу, табысты бизнес өкілдерімен кездесулер, нетворкингтің іргесін кеңейту және қызмет аясының әлеуетін арттыру. Осы уақытқа дейін 100-ден астам адам оқытылып, 70-тен аса бизнес ой нақты іске асырылды.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов