«Өрлеу» бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті қолдауға 750 млрд теңге бөлінеді

«Өрлеу» бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті қолдауға 750 млрд теңге бөлінеді

«Даму» қоры кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа бағдарламасын іске қосады. Жалпы бюджеті – 750 млрд теңге: оның 300 млрд-ын Қор, 450 млрд-ын екінші деңгейлі банктер қаржыландырады. Бағдарламаға микро, шағын және орта бизнес өкілдері қатыса алады. 7 млрд теңгеге дейінгі қаржы инвестициялық жобаларға беріледі. Ал, айналым қаражатын толықтыруға 3 жарым млрд теңгеге дейін қарастырылған. Сыйақы мөлшерлемесі – 12,6 пайыздан аспайды. Инвестицияны қаржыландыру мерзімі – 10 жылға дейін. Басым бағыттар: өңдеу өнеркәсібі, көлік және қоймалау, туризм, білім беру, денсаулық сақтау. Бұл бағдарлама экономиканың нақты секторларын қолдауға және кәсіпкерліктің тұрақты дамуына бағытталып отыр.