Елімізде экспорттық акселерация бағдарламасының екінші кезеңі басталды

Елімізде экспорттық акселерация бағдарламасының екінші кезеңі басталды

Бұл жөнінде Қазақстандық экспортты қолдау және дамыту мүмкіндіктері тақырыбында өткен брифинг барысында айтылды. Бұл жолы бағдарламаға қатысушылар саны 3 есе өскен. Барлығы 100 отандық жергілікті компания тіркелген. Олардың дені Қытай, Ресей, Біріккен Араб Әмірліктері мен Орталық Азия елдерінің нарқын бағындыруға ниетті. Негізінен тамақ және жеңіл өнеркәсіп пен машина жасау салалары қамтылған.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда жасалған 5 мыңға жуық өнім түрі әлемнің 120 еліне жеткізіледі.

Әсел Егембердиева, «QazTrade» ССДО» АҚ бас директорының орынбасары:

- Қатысушылар халықаралық скорингтік модель бойынша диагностикадан өтіп үлгерді. Әрбір компания үшін экспортқа шығудың жеке бағдарламасы әзірленіп жатыр. Сондай-ақ бізде әлеуетті сатып алушылардың базасы құрылған халықаралық серіктестеріміз бар. Олар біздің қатысушыларға сенімді клиенттер табуға көмектесетін болады.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов