Отбасының цифрлық картасы арқылы 116 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді
Қазақстанда енгізілген Отбасының цифрлық
картасы әлеуметтік көмекті алу процесін айтарлықтай жеңілдеткен. Бұл жүйе
арқылы мемлекет әр отбасы туралы мәліметті автоматты түрде көріп, көмек қажет
азаматтарға өздігінен ұсыныс жібереді. Биылдың өзінде 220 мыңнан астам адамға
SMS-хабарлама жолданып, олардың 117 мыңы өтінішсіз-ақ жәрдемақы мен төлемге қол
жеткізген. Қазір бұл жүйеде 20 миллионға жуық қазақстандықтың дерегі бар. Жаңа
жүйе 11 түрлі әлеуметтік төлемді ешқандай құжатсыз, онлайн түрде рәсімдеуге
мүмкіндік береді. Азамат тек 1414 нөмірінен келген хабарламаға келісімін берсе
жеткілікті, көмек автоматты түрде шотына аударылады. Мамандар бұл тәсіл уақытты
үнемдеп, көмекті нақты мұқтаж жандарға жеткізудің тиімді жолы екенін айтады.

