Паралимпиада-2020: қазақстандық спортшы күміс алды

Паралимпиада-2020: қазақстандық спортшы күміс алды

Тағы бір медаль. Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында дзюдошы Әнуар Сариев күміс жүлде еншіледі. 60 келіге дейінгі салмақта шеберлік байқасқан спортшы ақтық сында әзербайжандық қарсыласына есе жіберді.

Еске салсақ, Қазақстан құрамасы Паралимпиаданың екінші медалін алып отыр. Күні кеше Давид Дегтярев пауэрлифтингтен алтын жүлдені иеленген еді.