Павлодар облысында диқандар мол өнім жинады

Павлодар облысында диқандар мол өнім жинады

Биыл Павлодар облысы астық жинау науқанында рекордтық көрсеткіш орнатты. Түсім өткен жылғыдан 3 есе көп. Өңірде ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай салтанатты шара өтіп, үздік диқандар марапатталды. Сондай-ақ, көрмеде ұйымдастырылды.

Павлодар биыл ауыл шаруашылығы саласына құйылған инвестиция көлемі жағынан көш бастады. 200 млрд теңге тартылды. 500 жаңа жұмыс орны ашылды. Мемлекет тарапынан көрсетілген кешенді қолдаудың арқасында егіс алқаптарының көлемі артып, 180 мың гектарға жетті. Бұл жетістікті облыс басшысы қарапайым жұмысшылардың ерен еңбегімен байланыстырды.