Дін Лидерлерінің Съезіне қатысушылар адамгершілікке үндеді

Дін Лидерлерінің Съезіне қатысушылар адамгершілікке үндеді

Дін көшбасшыларының және жоғары деңгейдегі тұлғалардың әрбір кездесуі адамзатқа үміт сыйлайды. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінде Әл-Азһар ислам университетінің Жоғарғы имамы Ахмед ат-Тайеб осындай ойымен бөлісті. Оның айтуынша, жаһанда коноравирус індетінен кейін қайта қалпына келуге уақыт болмады. Себебі, оның артын басқа сын-қатерлер төнді. Сол себепті ол елордадағы халықаралық форумға жиналғандарды барлық діндердегі құндылықтарды нығайту жолында еңбек етуге шақырды. Діни бауырластық жаһандық бауырластықтың басты алғышарты бола алады, деді Ахмед ат-Тайеб.

Ахмед Ат-Тайеб, Әл-азһар Ислам Университетінің жоғары имамы:

– Біздің ойымызша, адамзат жаһандық жылыну, орман өрттері, қалаларды су басу және сел жүру қаупі, кейбір өзендердің тартылуы, көптеген тірі тіршілік иелерінің қырылуы сияқты табиғат пен климаттың күтпеген өзгерістерінен қорқыныш пен үрей сезініп жатқанын көзіміз көріп отыр. Бұл апаттарды адам өзінің пиғылынан, салғырттығымен  басқаларға немқұрайлы қарауынан туындатқанын ұмытпауымыз керек.

Әл-Азһар ислам университеті Жоғарғы имамының ойы Рим Папасының ойымен тоғысты. Рим Папасы Франциск съезде қазіргі таңда адамдардың бірін бірі қабылдауы қиныдап кеткенін, жанашырлық пен қамқорлықтың азайғанын айтып, өкініш білдірді.

Рим Папасы Франциск:

– Пандемия мен әлемдік ынтымақтастық мәслелерінен басқа, үшінші адамдардық бауырластық қарым-қатынас мәселесі бар. Бүгінде адамдар бір бірін аса қиыншылықпен қабылдайды. Күн сайын туылмаған нәрестелерді, миграттарды, қарттарды ысырып тастап жатыр. Бізде қазір «тасталғандар» мәдениеті бар. Адамдар бір біріне немқұрайлылықпен қарайды. Олар әрбір адамның қасиетті екенін естен шығарған. Ежелден қалған сөз бар «Homo sacra res homini» деген. Мұны дін адамдардың есіне салуы тиіс.