Павлодар: Өңір тынысы

Павлодар: Өңір тынысы

«Павлодар: Өңір тынысы» – Қазақстанның жетекші индустриялық орталықтарының біріне айналған қала туралы деректі фильм.

XX ғасырдың ортасынан бастап мұнда металлургия, энергетика және машина жасау салалары дамып, елдің өнеркәсіптік өрлеу жолында берік негіз қалады. Өңір республика үшін білікті мамандарды даярлайтын, кадрлық әлеуетті қалыптастыратын маңызды орталыққа айналды.

Фильм Павлодардың Қазақстан экономикасындағы рөлін, индустрияландыруы мен қазіргі даму барысындағы үлесін көрсетеді.

Бұл – жергілікті деңгейден әлдеқайда кең ауқымға ие, елдің стратегиялық болашағын айқындайтын қала мен өңір тарихы.