Pepsico-мен келісім: Алматы облысында снэктер шығаратын зауыт салынып жатыр

Pepsico-мен келісім: Алматы облысында снэктер шығаратын зауыт салынып жатыр

Әлемге әйгілі PepsiCo компаниясы Алматы облысында снэктер шығаратын зауыт құрылысына кірісті. Инвестиция көлемі – 368 миллион доллар. Бүгін Президент Нью-Йоркте PepsiCo қоры директорлар кеңесінің төрағасы Стивен Кихоны қабылдап, жобаны іске асырудан күтілетін экономикалық пайдаға назар аударды. Компания 900-ге тарта тұрақты жұмыс орнын ашады. Ал, қытырлаққа арналған картоп жергілікті жерде өсіріледі. Бүгінгі таңда бағдарламаға Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Алматы және Жетісу облыстарынан 15-ке жуық шаруашылық қосылған. Бұдан бөлек, шикізатты сақтау базасын кеңейтіп, картоп өнімділігі мен сапасын арттыру үшін ғылыми тәсілге жүгіну жоспарланып отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев PepsiCo компаниясының орнықты агрошаруашылықты дамыту бастамасына қолдау білдіріп, Үкімет пен жергілікті әкімдік өндірістің уақтылы іске қосылуына барынша жағдай жасайтынын айтты.