Конституция мектеп бағдарламасына енгізіледі
Жаңа Конституция мектеп пен университеттердің оқу бағдарламасына енгізіледі. Үкімет басшысы Олжас Бектенов бүгін мемлекеттік органдарға Ата заңды халыққа түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын сапалы орындауға тапсырма берді. Оған сәйкес, Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға арналған арнайы кешенді бағдарлама әзірлеуі тиіс. Сонымен қатар, барлық заңнаманы жаңа Конституцияға сәйкестендіру үшін кешенді талдау жүргізіліп, бағдарламалық құжаттар өзгертуы қажет. Бұл жұмысытың бәрін қазіргі Парламент тарағанға дейін бекітуп кетуі тиіс.

