Перизат Қайрат 10 жылға, ал анасы 8 жылға сотталуы мүмкін
Прокурорлар Перизат
Қайратты 10 жылға соттауды сұрады. Арман Кизикеннің айтуынша, айыпталушының
кінәсін жеңілдетуге жатпайды. Өйткені қылмысты төтенше жағдай кезінде жасаған.
Қосымша бар мүлкі тәркіленіп, 10 жыл қайырымдылық қызметпен айналысу құқығынан
да айыруы тиіс. Ал оның сыбайласы – анасы Ғайни Алашбаева үш эпизод бойынша
алаяқтық жасады деп айыпталған. Оған мемлекеттік айыптаушы 8 жыл беруді сұрады.
Сотта Перизаттың анасының телефонындағы жазбасы да оқылды. Одан күдікті 37
миллион теңгені көлік алуға, 5 млн - тіс емдеу, 10 млн Түркияға барып емделіп
келуге, 3 млн БАДы алуға, 10 млн теңге қыдыруға, тағы 3 млн теңгені фэншуйге
жұмсаймын деп жазып қойыпты. Осылайша 14 шілдеде басталған соты аяқталуға
жақын. Процес жартылай ашық өтті. 32 жастағы волонтерға 2021-2024 жылдары «Biz
Birgemiz Qazaqstan» қорын құрып, «алаяқтық жасады» және «қор ақшасын жымқырды»
деген айыптар тағылған. Жалпы көлемі 3,5 млрд теңге жымқырған. Жұрттан қайырымдылыққа
жұмсаған ақшаны VIP санаттағы үй, вилла, көлік пен әшекей бұйымдар және бренд
сөмкелер алуға жұмсапты.

