Қазақстанда 2023 жылы АЕК пен ең төменгі зейнетақы өседі

Қазақстанда 2023 жылы зейнетақының ең төменгі мөлшері көтеріледі. Енді, ол 5 мың теңгеге дейін өсіп, 53 076 теңгені құрайды. Қаржы министрлігі «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасына тиісті өзгеріс енгізді. Қазіргі таңда құжат «Ашық нормативтiк құқықтық актiлер» сайтында қоғамдық талқылауға шығарылған. Сондай-ақ, ведомство мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 21 907 теңгеге дейін, сонымен қатар ең төменгі күнкөріс деңгейі 40 567 теңгеге дейін арттыруды ұсынып отыр. Сонымен бірге, айлық есептік көрсеткіш те өседі. 2023 жылы ол 3450 теңге болмақ. Өз кезегінде ең төменгі жалақы өзгеріссіз қала береді. Қаржы министрлігі көрсеткішті бұрынғы деңгейде, 60 мың теңге көлемінде қалдыруды жөн санаған.