Петропавл: Бөгеттер бетондалып жатыр

Петропавл: Бөгеттер бетондалып жатыр

Еліміздің солтүстігінде көктемгі тасқынның алдын алу жұмыстары жалғасуда. Қазір облыс орталығында нығайтылған бөгеттер бетондалып жатыр. Мамандар бар шаруаны ақпан айының ортасына дейін аяқтамақ. Атқарылып жатқан дайындық жұмыстармен өңірге арнайы барған Сенат және Мәжіліс депутаттары танысты.

Өңірдегі бөгеттерді нығайту жұмыстары былтыр күзде басталған. Жұмыс әлі күнге дейін тоқтаусыз жалғасып жатыр. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша «Ойқала» шағын ауданындағы мына топырақ үйіндісі өткен ғасырдың 60-шы жылдары салынған. Былтыр Есіл өзені ернеуінен асқанда ол тасқынға шыдас бермей, бірнеше жерден жарылған. Салдарынан осы аумақты су басты. Биыл осындай жағдай қайталанбас үшін ол нығайтылып жатыр.