Nobel Fest халықаралық фестивалі Нұр-Сұлтан қаласында өтуде

Nobel Fest халықаралық фестивалі Нұр-Сұлтан қаласында өтуде

Әлемнің ең мықты, беделді университеттері беретін білімді отандық студенттерге қолжетімді ету – басты мақсат. Мұны жүзеге асыру Нобель фестивалі арқылы мүмкін болмақ, деді Халықаралық Нобель фест фестивалінің ашылу салтанатында шара ұйымдастырушысы Мақсат Курбенов. Спикер мәлім еткендей, биыл 4-ші рет ұйымдастырылып отырған шара Қазақстанмен қатар бірден 5 мемлекетте 8 тілде өтуде.    

Мақсат Курбенов, Nobel Fest ұйымдастырушысы:

– Жалпы шарада 100-ден астам спикер болады. 150 елден онлайн режимінде 500 қатысушы қатысады. Біз 5 елге 5 студия орналастырдық. Сол елдерден спикерлер әлемге тарайтын тікелей эфирге шығып өз баяндамаларын жасайды. Нобель фестивалі бұл жай ғана фестиваль ғана емес. Біз Гарвард профессоры, әлемнің мықты 40 инноваторлардың бірінен білім беру бағдарламасын алып, жасап шығардық. Жоба Қазақстанда және шетелде әрбір студентке қолжетімді. Бұл инновация мен индустрия 4.0 әлеміндегі ең озық курс. «Экспоненциалды инновациялар» деп аталады.

Айта кетейік, Нобель фесттің негізгі бөлігі аяқталғаннан кейін 18 мен 22 сәуір аралығында Нобель дәрістерінің апталығы өтеді. Онда Әлемнің ең беделді сыйлығының 14 лауреаты, сондай-ақ «Серпін» сыйлығының иегерлері отандық студенттерге дәріс сабақтарын өткізеді.

 

Автор: Ақзер Сегізбай