Pfizer вакцинасын барлық қазақстандық ала алады

Pfizer вакцинасын барлық қазақстандық ала алады

Pfizer вакцинасы барлық қазақстандыққа вакциналау және ревакциналау үшін қолжетімді. Мұндай шешімді еліміздің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қабылдады. Вакцина қабылдаймын деушілер елордада емханаларда ғана емес, сауда орталығындағы егу пунктінде де екпе ала алады. Коронавирусқа қарсы соңғы екпе мен иммундаудың екінші толық курсы арасындағы аралық кемінде 3 ай болуы керек.

Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

- Pfizer препаратымен егілу бойынша азаматтардан көп өтініш түскенін білесіздер. Біріншіден, бастапқыда онымен белгілі топ өкілдері ғана иммундалды. Көпбалалы аналар мен 18 жасқа дейінгі балалар, шетелге көп шығатын азаматтарға рұқсат берілді. Сондай-ақ 50-60 жастағы азаматтарға да мүмкіндік жасалды. Біз барлық мүмкіндікті ескердік.

Вице-премьер Қазақстанда коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитет қалыптасқанын атап өтті. Бүгінде 10 млн-ға жуық қазақстандық толық вакциналанған, бұл иммундалуға тиістілердің 80% немесе республика халқының 52% құрайды.