Президент Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қойды
Қасым-Жомарт Тоқаев Давоста Бейбітшілік кеңесінің
жарғысына қол қойды. АҚШ Президенті Дональд Трамп бастамашы болған рәсімге
Қазақстан Президентінен басқа 18 елдің басшылары мен өкілдері қатысты. Қол қою
кезінде Мемлекет басшысы мен Америка Президентінің аз-кем әңгімелескенін көрген
әлемдік БАҚ өкілдері диалогтың мазмұнын білмек боп Ақорданың баспасөз қызметіне
сауал жолдап үлгеріпті. «Қасым-Жомарт Тоқаев «Президент Дональд Трамптың 365
күн ішіндегі 365 жеңісі» деп аталатын ресми құжаттың 177-тармағында
Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылғаны жетістік ретінде көрсетілгеніне
назар аударды. Дональд Трамп Бейбітшілік кеңесін құру туралы бастамасына қолдау
көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты» делінген Президент көмекшісі
әрі баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың хабарламасында.

