Президент ішкі нарықты газбен тұрақты түрде қамтуды тапсырды

Президент ішкі нарықты газбен тұрақты түрде қамтуды тапсырды

Қазақстанның газ саласына 12 млрд доллар көлемінде инвестиция тартылды. Сонымен қатар елімізде Қашағанда көгілдір отынды өңдеудің жаңа бағыттары сынды бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобалар белсенді түрде іске асырылып жатыр.

 

Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуде «QazaqGaz» басқармасының төрағасы Санжар Жаркешов ұлтық компанияның былтыр атқарған жұмысының есебін беріп, алдағы кезеңге арналған жоспарды таныстырды. Ол өңірлерді дамыту қамында әлеуметтік-экономикалық маңызы бар бірқатар ірі газ құбырлары тартылып, іске қосылғаны жөнінде баяндады. Олардың жалпы құны 400 млрд теңгеден асады.


Санжар Жаркешов, «Qazaqgaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:

«QazaqGaz» ұлттық компаниясының тауарлық газының қорын көбейтіп, рессурстық базасын дамыту үшін  жаңа «Анабай» газ кен орны іске қосылды. Қабылданған шаралардың арқасында еліміздің ішкі нарығына көгілдір отын жеткізу көлемі 19% ұлғайды. Атап айтқанда, Қазақстан бойынша  112 елді мекен газға қосылды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар тапсырма берді. Олар газ саласын кешенді түрде дамыту, соның ішінде ішкі нарықты газбен тұрақты түрде қамту, ресурстық базаны кеңейту және инвестициялық тартымдылықты жақсартуға бағытталған.