Президент Қ. Тоқаев ШЫҰ бас хатшысы Н. Ермекбаевты қабылдады

Президент Қ. Тоқаев ШЫҰ бас хатшысы Н. Ермекбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевты қабылдады. Кездесуде ұйым аясындағы ықпалдастықты одан әрі дамыту мүмкіндіктері талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымының тиімді әрі теңгерімді халықаралық ұйым ретіндегі рөлін нығайтуға баса мән береді. Бұл қазіргі әлемдік саясаттағы сын-қатерлерге жедел үн қатуға ықпал етеді. Президент Қытайдың төрағалығын жоғары бағалап, Ұйым тетіктерін жетілдіруге қолдау көрсететінін айтты. Бұдан бөлек, кездесуде Қазақстанның Ұйым аясында ұсынған басты бастамаларын іске асыру жолдары қаралды.