Ресей Қазақстанға төрт Амур жолбарысын сыйға тартты
Ресей Қазақстанға төрт амур жолбарысын сыйға тартты. Бұл – елімізде жойылып
кеткен Тұран жолбарысын қайта жерсіндіру жобасының аясындағы маңызды қадам. Екі
үлкен жолбарыс пен екі күшігі Хабаровск өлкесінен жеткізілді. Экология және табиғи ресурстар
министрлігінің мәліметінше, Амур жолбарыстары әзірге жабайы табиғатқа
жіберілмейді. Қазір жыртқыштар Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерватында.
Жануарларға спутниктік бақылау құрылғылары тағылады. Бұл олардың қозғалысын
бақылап, табиғатқа бейімделуін зерттеуге мүмкіндік береді. Амур жолбарысы -
генетикалық тұрғыдан жойылып кеткен Каспий, яғни Тұран жолбарысына ең жақын
түрі саналады. Ол елімізде соңғы рет 1948 жылы кездесіпті. Айта кетейік, Мемлекет басшысы «Бұл шын мәнінде игі жұмыс»,- деп Ресей Президенті Владимир Путинге өз ризашылығын білдірді.

