Президент: Қазақстанға екінші, тіпті үшінші АЭС қажет
Қазақстанға бір ғана емес, екінші, тіпті үшінші атом электр станциясы
қажет. Президент жолдаудағы сөзінде, елдің энергетикалық қауіпсіздігін
қамтамасыз ету жағына да тоқталып, атом энергетикасын дамыту - маңызды қадамның
ірі екенін ескертті. Осыған байланысты мемлекет алдағы уақытта жаңа АЭС
жобаларын жоспарлауға кірісуі тиіс. Қазір Алматыдағы Үлкен ауылында бірінші
АЭС-ті салу жұмыстары басталған. Әзірше жобалау және сынама алу жұмыстары жүріп
жатыр. Стандарт бойынша бұл кезең екі жылдан кем емес уақытты алады. Ал орта
есеппен АЭС-ті толық іске қосу 10-12 жылды қажет етеді. Сонымен қатар,
Президент жасыл энергетиканың дамыту жайын да айтты. Алдағы 5 жылда қуаты 6,3
гигаватт болатын жаңартылатын энергия көздері іске қосылмақ. Президент Қытай
төрағасы Си Цзиньпинмен атом энергетикасы бойынша стратегиялық серіктестік
жөнінде келісім жасалғанын айта кетті. Қазақстан бұл салада барлық ірі
халықаралық компаниялармен бірлесіп жұмыс істеуге дайын.

