Президент ҚХР Мемлекеттік кеңесі премьерінің орынбасарын қабылдады

Президент ҚХР Мемлекеттік кеңесі премьерінің орынбасарын қабылдады

Қытаймен екіжақты қатынасты мүлде жаңа деңгейге көтеру – Қазақстанның маңызды стратегиялық басымдығы. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Дин Сюэсянмен кездесуінде мәлімдеді. Президент қазақ-қытай байланыстары өзара тиімді мемлекетаралық ықпалдастықтың үлгісі болып табылатынын атап өтті. Кездесуде әріптестіктің жай-күйі мен оны дамыту перспективалары, қос тарап басшыларының бұған дейін қол жеткізген уағдаластықтарын екі ел үкіметтерінің іске асыру барысы талқыланды. Өз кезегінде Дин Сюэсян президентке Қытай Халық Республикасы Төрағасы Си Цзиньпиннің сәлемін жеткізіп, ортақ мүдде, өңірдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа әсер  ететін  екіжақты ықпалдастықтың даму қарқынына көңілі толатынын айтты.