Президент медицина қызметкерлерін марапаттады
Маусым айының әр үшінші жексенбісі Медицина қызметкері күні. Мереке қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлт саулығын нығайтып жүрген мамандарды Ақордада жинап, мемлекеттік наградалармен марапаттады.
Арғын Бидайбаевтың
ерлігі әлі ел есінде. Осыдан екі ай бұрын қарағандылық дәрігер терезеден құлап
кеткен төрт жастағы баланың өмірін аман алып қалған. Сөзінше, сәбидің сау жері
қалмапты. Білікті маман дереу әрекет етіп, ойланбастан ота жасауға кіріскен. Күрделі
ота жасауда әріптестерімнің де еңбегі зор, - дейді ол.

