Президент металлургтерді марапаттау туралы жарлыққа қол қойды

Президент металлургтерді марапаттау туралы жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы металлургтерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды. Мереке қарсаңында отандық металлургия саласындағы жемісті жұмысы, еліміздің өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық дамуына қосқан үлесі үшін жүздеген еңбеккер мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Атап айтқанда, 22 жұмысшы «Құрмет» орденінің кавалері атанды. 41 өнеркәсіп қызметкерге ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені, 51 адамға «Ерен еңбегі үшін» медалі берілді. Сонымен қатар, 7 маман Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасын иеленді.