Президент референдумға қатысты бейнеүндеу жолдады

Бұл референдумда әр азаматтың дауысы маңызды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Қазақстан халқына бейне үндеуінде осылай мәлімдеді. Біз Ата заңымыздың отыздан астам бабына өзгеріс енгізгелі отырмыз.  Оның бәрі азаматтарымыздың мүддесіне толық сай келеді деп атап өткен Президент қазақтандықтарды 5-ші маусымдағы саяси науқанға атсалысуға шақырды.  Айта кетейік, еліміздің тарихында Конституцияға енгізілетін өзгерістер алғаш рет жалпыхалықтық референдум арқылы жүзеге асырылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Сайлау учаскесіндегі сіздің дауысыңыз қоғамдық өмірдің әділ әрі түсінікті жаңа ережелерін айқындауда маңызды және шешуші рөл атқаруы мүмкін. Сіз сайлау учаскесіне келу арқылы халқымыздың бірлігі мен ынтымағы мығым екенін көрсетесіз. Бұрын-соңды болмаған құбылмалы геостратегиялық жағдайда және еліміздің алдында тұрған күрделі міндеттерді орындау үшін біздің бірлігіміз бекем, ынтымағымыз берік болуға тиіс. Шынайы демократия әрбір азаматтың ортақ іске белсенді әрі саналы түрде қатысуын білдіреді.