Қазақстан баспалары цифрлық шешімдерді белсенді қолданады
Білім беру саласындағы диджитал шешімдер. Қазақстандық баспаханалар оқу үрдісіне қажетті әдістемелер мен көмекші құралдарды цифрландыру ісін қолға алды. Бұл мақсатта ай-ти мамандармен тығыз ынтымақтастық орнаған. Оның нәтижесінде - Ekitap.kz жобасы іске қосылды. Бұл бірегей сандық білім беру тұғырнамасы толығымен отандық өнім. Елдегі танымал баспалардың бірінің жемісі. Бүгінде бұл электронды жүйеде 100 мыңнан аса қолданушы тіркелген. Осының арқасында оқушылардың қашықтан білім алу мүмкіндігі туды. Бұған қоса шәкірттер оны қолдану арқылы өздерінің цифрлық сауаттарын аша түсті. Сандық тұғырнамада бейне және аудио материалдар арқылы мектеп пәндері бойынша білім түгестеуге болады. Барлық материалдар онлайн режимде қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді.
Дидара Алина,
баспаның бас директоры:
-Біздің осы
нарықта жүргенімізге 20 жылдан асты. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының
тапсырмасына сай біз әріптестерімізбен бірге барлық оқулықтарды сандық жүйеге
келтірдік. Олардың бәрі де іс-жүзінде қолданысқа ие және сапасына қатысты жақсы
пікірлер алдық. Жүйені қолдану ыңғайлы болу үшін интерактивті түрде жасадық.
Бұл балаларға қажетті білім алуына мүмкіндік ашты. Сандық үлгілермен бірге түпнұсқа,
яғни дәстүрлі қағаз нұсқалары қолданыста болады.
Отандық авторлар балалар әдебиетінде заман
талабына сайландыруға ерекше назар аударады. Кішкентай оқырмандар үшін
QR-кодтары бар кітаптар басып шығарылады. Осылайша оларды оқымай-ақ,
аудио-әңгімелер мен ертегілерді жүктеп, тыңдауға болады. Яғни, дыбыстық үлгісі
қатар жасалады.
Қазіргі таңда бұл баспадан 40-тан астам өнім шығарылады. Негізінен мектеп оқулықтары, мұғалімдерге арналған әдістемелік құралдармен қатар танымдық әдебиеттер.