Президент жарлығымен Польша мен Үндістандағы Қазақстан елшілері ауысты

Президент жарлығымен Польша мен Үндістандағы Қазақстан елшілері ауысты

Қазақстанның сырттағы қос елшісі ауысты. Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 55 жастағы Нұрлан Жалғасбаев Польша Республикасындағы Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. Бұған дейін ол Үндістан, Шри-Ланка, Бангладеш, Непал Федеративтік Демократиялық Республикасы, Бутан Корольдігі, Мальдив Республикасы сынды мемлекеттерде Төтенше және Өкілетті Елші қызметін қатар атқарған. Олардан да босатылды. Сөйтіп, енді ресми Варшавамен байланысты нығайтуға міндеттеме алып отыр. Ал Үндістандағы Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына 46 жастағы Азамат Есқараев тағайындалды. Ол 2023 жылдың қаңтарынан 2025 жылдың қаңтарына дейін Әділет министрі міндетін атқарған.