Президент жасанды интеллект туралы заңға қол қойды

Президент жасанды интеллект туралы заңға қол қойды

Қазақстан Орталық Азияда алғаш болып жасанды интеллект туралы заң қабылдады. Мемлекет басшысы бүгін екі бірдей маңызды құжатқа қол қойды. Жаңа заң 7 тараудан және 28 баптан тұрады. Оның ішінде авторлық құқық, қауіпсіздік, пайдалану мен оқыту нормалары жіктелген. Сондай-ақ, ереженің орындалуын бақылау үшін ұлттық платформа құрылмақ. Бұл өзгеріс цифрлық салаға қалай әсер етеді?