Психологтардың қызметі заңмен реттеледі

Психологтардың қызметі заңмен реттеледі

Енді психологтардың арнайы бірыңғай тізімі жасалады. Оған тек кәсіби білімі мен біліктілігі талапқа сай деп танылғандары ғана кіріп, қызметін жүргізе алады. Өзгесінің адам қабылдап, түрлі платформаларда ақыл-кеңес айтып отыруына құқығы жоқ. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов осындай заңның дайындалып жатқанын айтты. Әйтпесе, қазір саны бар да, сапасы жоқ коучтар мен психологиялық кеңес берушілерге ортамыз лық толған. Әрине, кесірін азаматтар мен қоғам қатар тартып отыр. «Психологиялық қызмет туралы» арнайы заң елде алғаш дайындалып жатыр. Әрі онда адам санасымен жұмыс істейтінідерге ортақ талаптар мен стандарттар енгізілмек. Нәтижесінде салада тәртіп күшейтіліп, азаматтарға сапалы көмек көрсетуге психолог мамандар ортасы қалыптасуы тиіс.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Ол азаматтарымыздың психологиялық денсаулығын қорғау үшін маңызды шешім. Жоғары білім бағдарламалары мен біліктілікті арттыру жүйесі де дәл осы стандарттарға сәйкес болуы тиіс. Барлық психологтар арнайы тізімге тіркеледі. Бұл нарықты біліктілігі жоқ мамандардың қызметіне тосқауыл қою үшін қажет шешім.