Рамазан - ғибадат айы

Оразаның ордасында жүрген, Алланың аяулылары, Құдайдың қалаулылары бүгінгі күндеріңіз, бүгінгі оразаларыңыз қалай өтті? Екі қол көтеріліп, нәпсіге беріліп жеңіліп қалған жоқсыздар ма? Десе де, біз сіздерге сенеміз, себебі сіздер оразаны толық ұстауға бет алған рухани жігерлі, ниетке берік жеңіскерсіздер. Құдай тағала осы қасиеттерден айырмасын. Бастысы оразада шыдамдылық пен төзімділік қос қанатыңыз болса рухани күрескер қажырлы да, қайратты, сабырлы да салиқалы болып шығатындарыңызға күмән болмасын.

Бүгінгі «Ораза қабыл болсын!» бағдарламасының шығарылымында Рамазан - ғибадат айы тақырыбы төңірегінде сөз қозғаймыз.