Ресей Қазақстанға Амур жолбарыстарын тегін береді

Ресей Қазақстанға Амур жолбарыстарын береді. Тараптар қыркүйек айында осындай меморандум жасасты, деп хабарлады Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі. Қазіргі уақытта тиісті жол картасы әзірленіп жатыр. Оған сәйкес, 2025 жылы амур жолбарысының бірінші легін әкелу жоспарланған. Көрші елден жеткізілетін үш дала жыртқышын Тұран жолбарысының тұқымын қалпына келтіру аясында құрылатын «Іле-Балқаш» қорығының аумағына жерсіндіру көзделген. Ол үшін қорықтың 415 мың Га аумағы белгіленді. Айта кетейік, 2010 жылы Қазақстан халықаралық жолбарыс саммитінде Орталық Азия аймағына Тұран тұқымын қайтаруға дайын екенін мәлімдеген.

Серікқали Брекешев, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі:

- Біздің ғалымдарымыз бұл жолбарыстар ДНҚ бойынша Тұран жолбастарына өзара жақын екенін дәлелдеді. Сол себепті Амур жолбарыстарын Іле–Балқаш қорығының аумағына жіберу туралы шешім қабылданды. Енді бұл келісімдердің ақысына келсек, ресей тарапымен ешқандай төлемақы туралы сөз болған жоқ. Яғни көршіміз бізге тегін берді жануарларды.