Ресейде алғаш рет коронавирустың жаңа нұсқасы анықталды

Ресейде «Кентавр» - коронавирустың «омикрон» штамының жаңа кіші түрі анықталды. Бұл туралы Роспотребнадзор хабарлайды. Инфекция 5 адамның бойында расталған. Ауру барлық науқастарда жеңіл түрде өтіп жатыр. Вирус жұқтырғандар арасында ауруханаға жатқызылғандар жоқ. Айта кетейік, омикрон штаммының жаңа қосалқы нұсқасы Үндістан, Нидерланды, Австралия, Германия, Ұлыбритания, АҚШ және Канадада  да анықталды.