ШҚО-да жас таланттың дирижёрлігімен концерт өтті
Көктемгі концерт. Осындай атаумен өткен ШҚО әкімінің симфониялық оркестрінің концертіне Вена консерваториясының студенті, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Жандос Мұхамеди арнайы шақырылып, дирижёрлік етті. Мерекелік кеш Джоаккино Россинидің әйгілі «Севильский цирюльник» шығармасымен басталды.
Айта кетейік, биыл симфониялық оркестрдің құрылғанына 20 жыл толып отыр. «Атаулы датаны мерекелеуге қызу дайындық басталып кетті», – дейді өнер ұжымының бас дирижёрі.
Александр Галсанов, ШҚО әкімінің симфониялық оркестрінің бас дирижёрі:
- Бұл – біздің өңірде тұрақты түрде өтетін шара. Концерттер сирек болып жатқанын білеміз. Концерттік маусымды енді бастап жатырмыз. Биыл ШҚО әкімінің симфониялық оркестрі 20 жылдығын атап өтуде. Бұл – біз үшін үлкен оқиға. Дайындық барысын бастап кеттік.