Шорт-трекші Абзал Әжіғалиев Бейжің Олимпиадасын төртінші орынмен аяқтады

Шорт-трекші Абзал Әжіғалиев Бейжің Олимпиадасын төртінші орынмен аяқтады

Қазақстандық Ақмаржан Қалмұрзаева қысқы Олимпиада ойындарында фристайл-акробатикасынан финалға өтті. Спортшы 98,68 ұпаймен екінші іріктеу кезеңінде көш бастады. Дәл осы бағдарламада бақ сынаған Жанбота Алдабергенова үздік сегіздікке іліге алмады.

 Бейжіңдегі қысқы Олимпиада: қазақстандық спортшы төртінші нәтиже көрсетті

Қазақстандық шорт-трек шебері Абзал Әжіғалиев Бейжің Олимпиадасын төртінші орынмен аяқтады. Ол 500 метрлік сайыста финалға дейін жетіп, медальға таласқан еді. Алайда алтын медальді Венгрия өкілі жеңіп алды. Күміс ресейлік спортшыға бұйырса, қоланы Канададан келген конькиші алды. Тағы бір шорт-трекшіміз Денис Никиша медальдар бәске тігілмеген «В» финалында 500 метр қашықтықта өнер көрсетті. Оған қытайлық У Дацзин, ресейлік Павел Ситников пен латыш Робертс Крузбергс қарсылас болды. Отандасымыз үшінші орынды иеленді.

Абзал Әжіғалиев, шорт-тректен ұлттық құрама мүшесі:

- Қолымнан келгенше тырыстым. Орын алғым келді. Бізде айтады ғой, қазақтар қысқы спортпен айналыса бермейді, тек күрес, бокс қана деп. Бұл стереотипті жойғым келді. Халқымды қуантқым келді. Осы қысқы спорт түрімен қазақтар да айналысады, коньки тебе алатынын дәлелдегім келді.

Енді еліміздің спортшылары қысқы Олимпиада ойындары бағдарламасының 11-ші күні фристайл-акробатикадан медаль үшін таласпақ. Қазақстан құрамасынан Жанбота Алдабергенова мен Ақмаржан Қалмұрзаева бақ сынайды. Ақ Олимпиадаға бас-аяғы спорттың тоғыз түрінен 34 қазақстандық қатысуда. Төртжылдық ойындарындағы медальдік есепке сәйкес, Норвегия құрамасы көш бастап тұр. Қоржынында 21 медаль бар, оның ішінде 9-ы алтын. Германия екінші орында. Одан кейінгі орынға АҚШ пен Нидерланд мемлекеті жайғасты.

Айта кетейік, Бейжіңдегі қысқы Олимпиада 20 ақпанға дейін жалғасады.