«Шығыс салбұрыны» фестивалі өтті
Шығыс Қазақстан облысында өткен халықаралық
бүркітшілер фестиваліне биыл жүзден астам құсбегі жиналды. Биыл екінші мәрте
ұйымдастырылып отырған шараның биыл ауқымы кеңейді. Сайысқа осыған дейін
Дүниежүзілік көшпенділер ойынында өнер көрсеткен Қытай, Моңғолия, Ресей,
Қырғызстан және Венгрия елдерінің саятшылары келді.
Ұлан ауданында өткен фестивалге саятшылар 80
бүркіт, 30 сұңқар, 30 тазы әкелген. Құс салып, тазы жүгіртетіндердің арасында
15 жасар Жандарбек Сағидоллаевта бар. Боз баланың аң аулау өнеріне қызығушылық
танытқанына төрт жыл болған.

