Шыңғыс хан құрған империяның күйреуі

Ол 1162 жылы Дилпун-Болдан (Дилунь-Булдак) шатқалында Онон өзені жағалауында дүниеге келген. Оның арғы ата-бабалары моңғол тумаластарынан сары шаштарымен және көк көздерімен ерекшеленген текті нирун руынан тараған. Сол себепті оларды қият- боржығындар (көк көзді қияттар) деп атаған.