Ұлытау өңірінде қашан адамдар кен орындарын игере бастады?

Бұл металл қазақ жерін әлемдегі тау-кен, металлургия орталықтарының біріне айналдырды. Евразия аумағында көне металлургия өндірісінің пайда болып, дамуы барысындағы ірі орталықтардың бірегейі – Орталық Қазақстан болып табылады. Археология мен топонимика деректері бұл жердің мұрасы ежелден-ақ тау-кен орындары және металлургия өндірісімен тығыз байланысты екендігін куәландырады. Сарыарқаның мыс кеніштері Жезқазған, Кенқазған, Қоңырат, Жездінің тарихи мәні өз зерттеушілерін қызықтырары анық. Осындай іргелі кешендердің бірі Жезқазған өңірінде орналасқан.