Silk Way Star жобасы Қытайдың CCTV-3 арнасынан да көрсетіледі
Халықаралық мега жоба Silk Way Star байқауына төрелік
жасайтын кісілердің де алды Астанаға келіп жетті. Соның бірі - Оңтүстік
Кореяның мега жұлдызы, әрі бұрынғы «Ти-Макс» бойс-бэндінің жетекшісі Шин Мин
Чоль. Ол бірінші эпизодта қазылық ету үшін арнайы шақыртылған. Шин Мин Чоль: «Мақсатым
- жоба қатысушыларды бағалау емес, олардың жеке-жеке ұлттық болмасымен танысу»
дейді. Әрі өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін көпір деп жобаға өз
бағасын берді.

