Сирия бойынша кездесу 24-25 қаңтарда Астанада өтеді

Сирия бойынша кездесу 24-25 қаңтарда Астанада өтеді

Қазақстан астанасы 24-25 қаңтарда қайтадан диалог алаңын ұсынады. Онда кезекті рет Астана форматындағы Сирия жөніндегі келіссөздер өтеді. Еліміздің Сыртқы Істер министрлігінің мәліметінше, кепілгер елдердің бірлескен өтінішінен кейін, 21 халықаралық жиынды өткізу туралы шешім қабылданған. Келіссөздерге Ресей, Түркия, Иран, Сирия үкіметі мен оппозициясының өкілдері қатысады. Бақылаушылар қатарында Иордания, Ирак, Ливан, БҰҰ мен Халықаралық Қызыл Крест Комитеті де болады деп күтілуде. Тараптар гуманитарлық ахуалды, елдегі және жалпы, аймақтағы жағдайды тұрақтандыру мен халықаралық қауымдастықтың қатысуымен жанжалды шешу мәселелерін талқылайды.