Смартфон сатудың жаңа тәртібі енгізілді

Смартфон сатудың жаңа тәртібі енгізілді

Ұялы телефон сатудың тәртібі түбегейлі өзгерді. Енді жаңа талап бойынша әрбір смартфон саудасын жүргізетін тұлға клиентке тауар сатпас бұрын IMEI кодты көрсетуі қажет. Яғни, верификациядан өтпеген телефон жарамсыз құрылғы деп танылады. Былтырдан бері Қазақстанда смартфон мен ұялы байланыстың абоненттері үшін верификациядан өту міндеттелген. Бұл бастама елімізде жасалған немесе сырттан әкелінген құрылғылардың Қазақстандағы ұялы байланыс желілерінде пайдаланылуының заңдылығын растауға бағытталған. Демек, Қазақстан азаматтарының қолындағы әрбір телефон жаһандық GSMA жүйесіне қосылған болуы тиіс. Осылайша әрбір телефон мен абонентке мониторинг жүргізіледі. Биыл мамыр айында телекоммуникациялар нарығы және деректерді өңдеу орталықтары туралы заңға өзгерістер енгізілген болатын. Әрі бұл тұтынушы құқығын қорғау үшін қолға алынған шара.