Коммуналдық мекемелерге 115 техника табысталды

Коммуналдық мекемелерге 115 техника табысталды

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Маңғыстаудың қалалары мен аудандарына 115 жаңа арнайы техника табысталды. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасын іске асыру аясында өңірде соңғы 20 жылда алғаш рет арнайы коммуналдық техникалар паркі жаңартылды. Жаңа техникалар елді мекендерді санитарлық тазалау, абаттандыру және күтіп ұстауға арналған.

¤

Қоқыс таситын техника, жолға су себетін машина, самосвал, вакуумдық көліктер. Бұл көліктер енді Маңғыстаудың қала, аудандарындағы коммуналдық мекемелерде ел игілігі үшін қызмет етеді. Жауаптылар осының арқасында санитарлық тазалау, абаттандыру және күтіп ұстау жұмыстарының сапасы артатынын айтты.