Мемлекеттік деректер платформасы іске қосылды
Елде мәліметтерді
ортақ пайдаланудың жаңа жүйесі іске қосылды. Яғни, енді азаматтардың жеке
деректеріне қатысты емес, қосалқы ақпараттар жаңа цифрлық қызметтер мен жасанды
интеллектіні дамыту үшін пайдаланылуы мүмкін. Ескерте кетсек, бұл азаматтардың
жеке басының ақпараты таратылады деген сөз емес. Тек аты-жөні мен жеке
нөмірлері көрсетілмеген ашық санатқа жататын мәліметтері ғана ғылыми сараптамаға
алынады. Мысалы, жеке компаниялар
белгілі бір мәселеге анализ жасау үшін ADX платформасын қолданады. Мұнда елдегі
кәсіпорындар, кәсіпкерлер мен бизнес субъектілеріне қатысты ашық ақпараттар
жиналған. Ал MedEx платформасына денсаулыққа қатысты мәліметтер жүктеледі.
Ондағы пациенттердің медициналық анықтамалары мен анализдері ғылыми жобаларға
алынуы тиіс. Бұдан бөлек, заңды тұлғалар туралы деректер Kompra платформасынан
алынбақ.

