Созақ ауданына 1 млрд текше метр су жіберілді
Созақ ауданына
қоршаған ортаны сақтау үшін 1 млрд текше метрге жуық су жіберілді.
Жауаптылардың сөзінше, бұл шара құм мен тұзды шаңның ауаға көтерілуін тежеп,
мал шаруашылығына қажетті жем-шөп қорын арттыруға мүмкіндік береді. Бұған дейін
су шығынын азайту үшін Су ресурстары және ирригация министрлігі ұзындығы 120
шақырым, ені 30-40 метр болатын Фурманов айналма каналын соңғы 40 жыл ішінде
алғаш рет тазартқан. Соның арқасында су өткізу қуаты секундына 45-50 текше
метрге дейін ұлғайды. Каналды жағалай жатқан Қылышбай, Құмөзек, Қарабөгет және
Сарыөзек елді мекендері тіршілік нәрінің игілігін көріп отыр.
Ордабек Жәмиев,
Созақ аудандық мәслихатының төрағасы:
- Созақ
ауданының тұрғындары судың келуін көптен бері армандаған болатын. Ауданымыз
аграрлы аймақ болғандықтан, Шу өзені арқылы келетін су біз үшін өте қажет.
Себебі біз мал шаруашылығына мал азығын дайындаймыз. Сонымен қатар Шу өзені
суының келуі экологиялық тұрғыдан да тиімді. Егер су келмесе, оның табанынан
тұз бен сор көтеріліп, елге зиян келтіреді.

