Тұрмыстық қалдықтарды өңдеу зауыты салынады

Тұрмыстық қалдықтарды өңдеу зауыты салынады

Бүгін Таразда екі бірдей зауыттың құрылысы басталды. Тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін кәсіпорынды салуға корейлік компания ниет білдірсе, Қытайлық инвесторлар металлургия зауытының қазығын қақты. Бұл жобалар өңірдің  және еліміздің әлеуметтік- экономикалық дамуын арттыра отырып, жаңа мүмкіндіктер ашпақ. Зауыттың алғашқы іргетасын қалау рәсіміне облыс әкімі Ербол Қарашөкеев сондай-ақ инвесторлар мен қала тұрғындары қатысты

Тараз индустриялық аймағынан салынатын зауыттың құрылысы биыл тамыз айында басталып, 2027 жылы іске қосылады. Екі кезең бойынша жүзеге аспақ. 1 кезеңдегі инвестиция көлемі 7 млрд теңге. Ал екінші кезеңге 75 млрд теңге қаржы салынады. Кәсіпорын тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеп кәдеге жаратпақ.

Ербол Қарашөкеев, Жамбыл облысының әкімі:

- Заманауи қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату зауытының бой көтеруі Жамбыл облысында даму үшін қажетті әрі уақыт талабынан туындаған маңызды бастамалардың бірі.Жалпы құны 175 млн АҚШ долларын құрайтын жаңа зауыттың іске қосылуы өңіріміздің өндірістік әлеуетін арттырып қана қоймай, қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жұмыстарда да елеулі серпін береді.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау кешенінің қабылдау қуаты тәулігіне 900 тоннаға дейін, ал термиялық өңдеу көлемі – тәулігіне 600 тонна. Қалдықтарды жағу тиімді әрі үздіксіз режимде шамамен 900°С температурада жүзеге асырылады.