Табиғатты қорғау мекемелері қызметкерлерінің жалақысы көтерілді

Табиғатты қорғау мекемелері қызметкерлерінің жалақысы көтерілді

Осы жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанның табиғатты қорғау мекемелері қызметкерлерінің жалақысына 100 процент үстемеақы қосылады. Ел Үкіметі Мемлекет басшысының аталған салада еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында тиісті қаулы қабылдады. Құжатта адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жұмыс үшін қосымша ақы белгілеу көзделген. Енді табиғат сақшыларының орташа жалақысы атқаратын қызметі мен жұмыс өтіліне байланысты 101 мыңнан 320 мың теңгеге дейін ұлғаяды. Бұл шара ең алдымен білікті кадрлардың тұрақтап қалуына және жалпы жұмыстың тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Динара Алимова, ҚР Премьер-министрінің баспасөз хатшысы:

- Еңбек жағдайлары ерекше құрылымдардың қатарына жануарлар дүниесін қорғау, ормандарды қорғау және қалпына келтіру үйымдарымен мемлекеттік орман қорғау және т.б. мамандандырылған ұйымдар жатады. Жалпы осы салада жұмыс істейтін 13 мыңға жуық қызметкердің еңбекақысы өседі.