Талғат Теменовтің «Қара қыз» фильмінің тизері жарияланды

Танымал отандық режиссер Талғат Теменовтің «Қара қыз» фильмі жуырда жарық көреді. Әскери драма ҰОС кезіндегі қазақстандық сарбаздардың ерлігі мен қазақ қыздарының қайсарлығын баяндайды. Кинотуындының түсірілімі былтыр Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында өтті. Басты рөлдерді жас актерлер Нұрай Сақтапова мен Ерлан Құлмұрзин сомдап шыққан. Фильм саундтрегін  Димаш Құдайберген орындайды. Бюджеті 578 млн теңгегені құраған картина Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен ұлттық киноны қолдау орталығының көмегімен өндіріске енгізілді. Премьерасы осы жылдың күзіне жоспарланған.